Жамандық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 40
Өлеңдер: 26
Нақыл сөздер: 38
Туындылар: 1
Әңгімелер: 8
Ертегілер: 2

Жамандықты көп қусаң,
Құтылмас пәле жолығар,
Жақсылықты көп қусаң,
Бақ-әулетің молығар.
Өзіңді-өзің тәрбиелеп қинағаның,
Жамандыққа қимағаның.
Жамандық қылғанға –
Жақсылық қыл.
Жақсылық таудың басында,
Жамандық табан астында.
Жақсылық жар басында,
Жамандық жастық астында.
Жамандыққа жақсылық.
Ұяты барды ұрғаның.
Жақсылыққа жамандық
Тек зұлымдық қылғаның.
Жақсылық терек басында,
Жамандық тізең астында.
Жақсылық қылсаң өзіңе,
Жамандық қылсаң өзіңе,
Аспанға қарай оқ атсаң
Қайтып тиер көзіңе.
Жамандықта – тек жоқ,
Жауыздықта – шек жоқ.
Жолдас,
Жолдасына жамандық қылған оңбас.
Жақсы кісі өлмесін,
Жамандықты көрмесін.
Жамандықты жасырма,
Жаманды басыңнан асырма.
Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі дүр,
Жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі дүр.
Адамға қылсаң жақсылық,
Жақсылық білмес кей заңғар.
Жақсылыққа жамандық жасайтын,
Дүниеде бейиман көп жандар.