Жақсылық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 74
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 76
Нақыл сөздер: 67
Құттықтау, тілектер: 18
Туындылар: 1
Әңгімелер: 15
Ертегілер: 2
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1
Эсселер: 3

Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі
©  Көпеев Нұрдәулет
Жақсылықтың алды қайқаң, шығуға күш кетеді.Жамандықтың алды ілди, күш жұмсамай жетеді.
©  Естеу ЖҮНІС
  Жақсылықпен үндемеу, жақсы сөз айтқаннан қиын.
©  Жебірей
Ақшалы болудың жақсылығы бір тиынсыз қалудың жамандығынан артық.
©  Жебірей
Жақсылық еккен алғыс орады. 
Әр жақсылықтың соңы бар.
Бұл өмірге келген соң, жақсылық қыл,
Жаман істі жамандарға ғана қалдыр.
Ауылыңда қартың болса, хатың сол,
Жаманың болса, жатың сол.
Жақсылық болса, жақының сол.
Ауру адамның айтқан өсиеті
Жақсылық жайында болады.
Жақсылыққа асыққаның –
Берекет.
Жамандыққа асыққаның –
Пәлекет.
Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайтары бар.
Жақсылық қылсаң жақсылық табарсың,
Жамандық қылсаң жамандық табарсың.
Жақсылық еткен кісінің
Есігінен Қыдыр кетпейді.
Жақсылық қылсаң бүтін қыл.
Жаңа айдан жақсылық.
Нұрдың суы - нудың суы.
Жамандық жақын, жақсылық алыс.
Жамандықты көп қусаң,
Құтылмас пәле жолығар,
Жақсылықты көп қусаң,
Бақ-әулетің молығар.
Отырам деп, еріншек өлер,
Кісіге жақсылық қылам деп, көңілшек өлер.
Көптен жақсылық құтылмайды,
Аздан азап арылмайды.
Жамандық қылғанға –
Жақсылық қыл.
Жақсылық таудың басында,
Жамандық табан астында.
Жақсы да, жақсылық та жалпыға ортақ.
Жақсылық жар басында,
Жамандық жастық астында.
Жаманшылық пен
Жақсылық егіз.