Дүние туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 42
Тақпақтар: 6
Өлеңдер: 516
Нақыл сөздер: 132
Әңгімелер: 35
Поэмалар: 2
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 3

Адал дүниеге есеп керек.
Етігім тар болса,
Дүниенің кеңдігінен не пайда.
Түйеге «Ойна!» десең,
Дүниенің ойранын шығарады.
Кең дүние кереметсіз емес.
Тар пейілге - дүние тар,
Кең пейілге - лашық та кең.
Дүние жиып нетесің,
Бір күн тастап кетесің.
Малдының беті жарық,
Малсыздың беті шарық.
Жаман сайға су түссе, өткел бермес көшуге,
Жаман кісіге мал бітсе сусын бермес ішуге.
Қымбат дүние қолға түсе бермейді,
Қымбат сөз ауызға түсе бермейді.
Сүйіктің жоқта дүние суық.
Қайғысы жоқ адамға
Қара көже балмен тең.
Қайғысы көп адамға
Кең дүние жармен тең.
Өзіңді өзің тыймасаң,
Өзгені қалай тыярсың?
Құлы болсаң құлқынның,
Дүниеге қайтып сыярсың?!
Дүние ақылдыға жарық,
Ақылсызға тамұқ.
Адам — дүниенің ажары,
Дүние — өмірдің базары.
Дүниеде тас қатты,
Тастан бас қатты.
Өлім байдың малын шашады, жоқтың көтін ашады
Есепсіз дүние жоқ.