👈 қаріп өлшемі 👉

Жаман туралы Мақал-мәтелдер ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 369
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 48
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 84
Туындылар: 1
Әңгімелер: 4
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1

Бұл өмірге келген соң, жақсылық қыл,
Жаман істі жамандарға ғана қалдыр.
Борай-борай қар жауса,
Бұ боран атты өлтірер.
Аз кісіні көп кісі
Жаман да болса, біреуіне келтірер.
Бақытыңды қорғасаң,
Жаман сөзді қолданба.
Байлар ашты тоқ санар,
Аш жаманын жоқ санар.
Әркім өзі күтеді өз басын,
Жаман кемітеді жолдасын.
Әкімменен қарсы болсаң, күнің жаман,
Молдаменен қарсы болсаң, дінің жаман.
Ашу қысқан жаман іске ұрынар,
Ызалыға білім үйрет, ұғынар.
Аурудың жаманы да тамақтан өтеді,
Амалы да тамақтан өтеді.
Ауызы жаман елді былғар,
Аяғы жаман көлді былғар.
Ауылыңда қартың болса, хатың сол,
Жаманың болса, жатың сол.
Жақсылық болса, жақының сол.
Атың жаман болса,
Арманың кетер.
Балаң жаман болса,
Пәрменің кетер.
Жылай-жылай өмірің өтер.
Ат жүрісінен пұл болады,
Жаман жүрісінен құл болады.
Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,
Жақсы-жаман болса бала солардан.
Арғымаққа оқ түссе,
Мәстектей туламас.
Сыпайыға оқ түссе,
Жамандай шуламас.
Алыстан қара көрінсе,
Қаша берсең, амансың.
Жекеп-некеп қоймаса,
Қайрылмаса, жамансың.
Алыстағы дұшпаннан
Аңдып тұрған орыс жаман.
Алғаның жаман болса да сатылмасын.
Айырдан жампоз туады
Аруанаға бергісіз.
Жақсыдан жаман туады
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді,
Жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді.
Жаман әйелдің тілі ащы.
Жаман ерге мал бітсе,
Жанына қоңсы қондырмас.
Ұлдың жаманы – ұйғақ,
Қыздың жаманы – қаңбақ.

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы