Жаман туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 393
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 69
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 93
Туындылар: 1
Әңгімелер: 7
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1

Жөн білмейтін жаманнан
Жайылып жүрген мал жақсы.
Өзін зорсынып,
Өзгені қорсынған жаман.
Жақсы таяқ
Жаман жолдастан артық.
Жол жаман болса,
Атаң да сүрінеді,
Атан да сүрінеді.
Тақиям жаман болса да,
Таяғым жақсы.
Жаманның тілі ащы,
Көк мияның гүлі ащы.
Жігіт — арының құлы,
Жаман — малының құлы.
Жаман итті еркелетсең,
Аузыңды жалар.
Жаман адамды еркелетсең,
Жаныңды алар.
Жаманға еткен жақсылығың
Жатқа кеткен малмен тең.
Адамға қылған жақсылығың
Арнап бір берген нармен тең.
Жаман адам
Құлқынның қара қабы.
Жақсы адам
Адалдықтың алтын тағы.
Жуастың бір аты — жаман.
Тамшы ақса — қосың жаман,
Ақсақ болса — мосың жаман.
Жақсының сөзі — шақпақ
Жаманның сөзі — тоқпақ.
Жақсының сөзі
Өлшеп, пішкендей,
Жаманның сөзі
Түйеден түскендей.
Жақсыменен сөйлессең —
Жаның рахаттанады.
Жаманменен сөйлессең —
Қойыңа қасқыр шабады.
Көздің аласынан
Сөздің аласы жаман.
Жаман сөз —
Жанға кірген тікен,
Жақсы сөз —
Таптырмайтын ем.
Жаман сөз жанға кірген тікен.
Ауруда — шаншу жаман,
Сөзде — қаңқу жаман.
Жаман үйден қосым артық,
Сынық ошақтан мосым артық.
Жаман етікші біз таңдайды,
Жаман жігіт қыз таңдайды.
Жақсы қыздың жасауын
Жақын-жаран жасайды.
Жаман қыздың жасауын
Сұран-тілен жасайды.
Көшермен болса жұрт жаман,
Кетермен болса қыз жаман.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Жаманға айтқан ақылың —
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың —
Жалыны жоқ шоқпен тең.