Бала туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 291
Жұмбақтар: 16
Тақпақтар: 128
Өлеңдер: 535
Жаңылтпаштар: 16
Нақыл сөздер: 156
Құттықтау, тілектер: 15
Баталар: 3
Туындылар: 20
Әңгімелер: 162
Ертегілер: 20
Поэмалар: 2
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 20
Аңыздар: 14
Эсселер: 12

Анасы ащы алма жесе,
Баласының тісі қақсайды.
Әкенің тоны шақ келсе,
Әкені бала жоқтамас.
Лақта жілік жоқ,
Балада білек жоқ.
Мысықтың баласы дәл анасындай мияулайды.
Анасы жұқалап нан жапса,
Баласы бұтарлап асайды.
Баланың ісі сеп болмайды,
Ешкінің мүйізі сап болмайды.
Баласы жыламаса,
Анасы жұбатпайды.
Инабатты болса әйел,
Өнегелі болса бала көрікті.
Әйелді бастан, баланы жастан.
Әйелдің ақылын жесірінде байқа,
Баланың ақылын жетімінде байқа.
Адал туған бала –
Әкесіне пана.
Оқымаған бiр бала,
Оқыса екi бала.
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Адам болатын бала
Алысқа қарайды.
Лұқпанға ұлылықты үйрету —
Даналықты балалыққа телу.
Балам жыланнан қашқандай, жазықтан да қаш.
Баланың қызығы білінбейді,
Тайдың мінгені білінбейді.
Атасын құрметтеп тұрған баланың тілеген тілегі қабыл болады.
Ойнақтаған бала от басар.
Қатынға тисең қарасы жұғады,
Балаға тисең бәлесі жұғады.
Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан.
Бай болмақ ініден,
Биікке шықпақ баладан.
Қараның баласына қазан менен сөз керек,
Төренің баласына әнші менен көз керек.
Аталы баланың аузы ойнайды,
Атасыз баланың көзі ойнайды.
Байдың мал азығы,
Бала атаның қазығы.