Тағам туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 223
Жұмбақтар: 1
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 7
Әңгімелер: 1

Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.
Айран сұрай келіпсің
Шелегіңді жасырма.
Бақыр қазан қайнаса,
Баршамызға несібе.
Мың «сіз, бізден»
Бір шыж-быж.
Ашаршылықта жеген құйқаның
Аузыңнан дәмі кетпес.
Қамыстың
Шоғы болмас,
Көк судың
Тоғы болмас.
Күн жазға айналды,
Ет азға айналды.
Пышағы бар, сүйгенін жер,
Пышағы жоқ, тигенін жер.
Балық жеген бағыспас,
Жан-жағына қағыспас.
Жат асыңа қарайды,
Дос басыңа қарайды.
Ет дегенде бет бар ма?
Асы бар аяқтан аттама.
Сыйлап берсе, суын іш.
Ас – адамның арқауы.
Ас иесімен тәтті,
Табағымен жақсы.
Быламық бетінен сыйды,
Көже түбінен сыйды.
Қайғысыз, қара суға семіреді.
Сіңбес астың бөгеуі жаман.
Қарын тойса,
Қарта әлем сасиды.
Ет — етке, сорпа — бетке.
Аш тамағым, тыныш құлағым.
Шыбын да балға қонады.
Есек мінген ат сұрамайды,
Балық жеген ет сұрамайды.