Тағам туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 223
Жұмбақтар: 1
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 7
Әңгімелер: 1

Сүйекті алып берген
Кісімнен көрейін бе?
Оны мүжи алмаған
Тісімнен көрейін бе?
Көженің көнеуі болса,
Қымыздың қызуы бар.
Тапқаным — тамағыма,
Жұтқаным — жұмырыма.
Қазансыз алтын ошақтан,
Қара су қайнатқан мосым артық.
Қаңыраған алтын ордадан
Қара көжеге тоятын қосым артық.
Қазан сапырғанның да буы бар.
Еңкейген екі асайды,
Еңсесі кеткен бір асайды.
Мешкей қазанның астына қарамай,
Үстіне қарайды.
Арықтың сорпасында
Дәм болмайды,
Ақылсыздың сөзінде
Мән болмайды.
Күйісің жаман болса,
Тән азады;
Көңілің жаман болса,
Жан азады.
Үйінде асы жоқтың
Түзінде досы жоқ.
Үйінде асы жоқтың
Көңілінің қошы жоқ.
Арықтың жілігі татымас.
Бассыз үй болса да,
Ассыз үй болмайды.
Табақ тамағымен жарасты,
Батыр жарағымен жарасты.
Тоқты сойған тоқалдар,
Шөміш алып қоқаңдар.
Екі жас,
Екі жасқа желке менен жөргем де ас.
Тамақ тоқ,
Көйлек көк.
Келеді екен деп көп қойдым,
Келмеген соң жеп қойдым.
Сенде жазық жоқ,
Менде азық жоқ.
Қыдырып ішкен көженің
Кенеуі жоқ.
Қыдырып айтқан биліктің
Керегі жоқ.
Тар қазан — тасқалақ,
Мешкей адам — ашқарақ.
Тоймай ішкен асың құрсын,
Қорлықпен жасаған жасың құрсын.
Айға жетпес асыңды
Ауылдастан аяма!
Жұтаған шүкірге тоймайды.
Аштық ас талғатпайды,
Ашықтық жас талғатпайды.