Көпшілік туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 42
Өлеңдер: 6
Нақыл сөздер: 16
Баталар: 28

Көпті алдаған,
Көрінде өкіреді.
Көптік қайда болса,
Тоқтық сонда болады.
Көптің ауызы —
Темір талқы.
Көптен қулық артылмас,
Көзді дария сарқылмас.
Көп ұнатса,
Көк тоқтыңды сойып бер.
Көп дәнекер
Көлді де бекітер.
Аздың атасы бір,
Көптің батасы бір.
Көптің құрығы ұзын.
Көбікті төкпе,
Көпті сөкпе.
Көп ауызы дуалы.
Көштен бөлінсең де,
Көптен бөлінбе.
Мың ұрғанды жын ұрады.
Көпке топырақ шашпа.
Құдайға жазсаң жаз,—
Көпке жазба.
Көп қараса, жоқ табылар.
Көп күлкісі күннен де ыстық.
Көптің қолы көкке жетеді.