Батыр туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 153
Тақпақтар: 13
Өлеңдер: 213
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 21
Баталар: 1
Туындылар: 4
Әңгімелер: 42
Ертегілер: 4
Поэмалар: 12
Шығармалар: 13
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 40

Керуен көркі — нарымен,
Батыр көркі — арымен.
Батыр болатын бала ерге үйір,
Қызтеке бала зерге үйір.
Елінің даңқын батыры шығарар,
Батыры шығармаса, ақыны шығарар.
Шын сақыға жолықсаң,
Су орнына бал берер.
Шын батырға жолықсаң,
Шындық үшін жан берер.
Хас сұлуды қаралысында сынама,
Хас батырды жаралысында сынама.
Байыпсыз батыр тез өлер.
Бала болғанын білмес,
Батыр толғанын білмес.
Жібек белбеу — белдің көркі,
Батыр жігіт елдің көркі.
Қақпақты найзамен ашпас болар,
Күлді қылышпен шашпас болар.
Шамасыз батырлық —
Шарасыз өлім.
Батылдық — батырлықтың сауыты.
Қос ұл туған қатынды
Ханым десе болады.
Ел қорғаған батырды
Нарым десе болады.
Байы өлген қатынның беті жара,
Бағы тайған батырдың еті жара.
Ақ білектің күшімен,
Ақ найзаның ұшымен.
Шоқпарды сала білмеген,
Өзіне тигізер.
Инені ұстай білмеген,
Көзіне кіргізер.
Оты жанбаған қатын ашулы,
Мылтығы от алмаған батыр ашулы.
Батыр жарқырап жүреді,
Қорқақ — қалтырап жүреді.
Қасапшының үйінде
Қайрақ тұрар.
Қас батырдың үйінде
Байрақ тұрар.
Өзі саққа, құдай жақ.
Тепсе темір үзетін —
Жас қолында күзетім.
Бұқа болар бұзау,
Биттейінен белгілі.
Батыр болатын бала,
Титтейінен белгілі.
Қас батыр, қараға шабар,
Жас батыр, далаға шабар.
Шеберді шебер қолынан таниды,
Батырды батыр жонынан таниды.
Аңғал батыр алдырады —
Аяғынан шалдырады.
Ездің тілі — батыр,
Ердің қолы — батыр.