Батыр туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 153
Тақпақтар: 13
Өлеңдер: 213
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 21
Баталар: 1
Туындылар: 4
Әңгімелер: 42
Ертегілер: 4
Поэмалар: 12
Шығармалар: 13
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 40

Батырдың сөзі мың теңгелік.
Ақын — ұлттың жүрегі,
Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.
Батырдың қаһары - еліне қорған.
Сарымай сасымас,
Батыр саспас.
Батыр жарасыз болмас.
Батыр ортақ, ер ортақ,
Күн ортақ, ай ортақ.
Палуанға оң-терісі бірдей.
Ер өлсе де, аты өлмейді.
Ер аруағы - қаруы.
Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.
Алып - анадан, ат - биеден.
Жомарт бергенін айтпас,
Ер айтқанынан қайтпас.
Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай.
Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай.
Ханның ісі қараға түсер,
Батырдың ісі балаға түсер,
Байдың ісі кедейге түсер,
Бәйбішенің ісі тоқалға түсер,
Арыстанның ісі тышқанға түсер,
Ердің..
Батыр бастас,
Бай тұстас.
Тазалығы қатынның
Тарағынан белгілі.
Батырлығы батырдың
Жарағынан белгілі.
Жол жарасты көрінер
Ылдиы мен өрімен,
Қол жарасты көрінер
Қолбасшы батыр ерімен.
Екі батыр мақтанса:
Батырлығы мен барлығын айтар.
Екі жаман мақтанса:
Ұрлығы мен қарлығын айтар.
«Басым бұлтқа тиер» деп,
Бұққан — батыр.
«Кесірім жұртқа тиер» деп,
Ыққан — батыр.
Батыр сөйлей қалса:
Жауға салған ойнағын айтар.
Сәудегер сөйлей қалса:
Ала шапан, байрағын айтар.
Шаштараз сөйлей қалса:
Ұстарасын жаныған..
Өз нәпсісін жеңген — батыр.
Батыр — аңғырт,
Бай — салғырт.
Арпасыз ат қыр аса алмас,
Арқасыз батыр жау ала алмас.
Үйдің басын қатын қосар,
Елдің басын батыр қосар.
Батыр ортақ, бала ортақ,
Бодаудан қайтқан мал ортақ.