Батыр туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 153
Тақпақтар: 13
Өлеңдер: 213
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 21
Баталар: 1
Туындылар: 4
Әңгімелер: 42
Ертегілер: 4
Поэмалар: 12
Шығармалар: 13
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 40

Маңдайы құтты – батыр,
Таңдайы құтты – шешен.
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз.
Әркім өзін батырмын деп ойлайды.
Жау қашқанда батыр көбейеді.
Қорқақты қорқытпа,
Батыр болады.
Батырды ренжітіп, зәбір қылма.
Ұшқыр аттың арқасын жауыр қылма.
Батыр жауда сыналады,
Дана дауда сыналады.
Батырды өлтірерсің,
Ал даңқын қайтерсің?
Батырдың өзегі үзілгенімен, өзі өлмейді.
Батырды жылан шақса,
Пақырды қоңыз тістейді.
Қорқақтың қатыны болғанша,
Батырдың жесірі бол.
Батырдың көзі өмірге түседі,
Қорқақтың көзі өлімге түседі.
Батыр түсінде жау көреді,
Балықшы түсінде ау көреді.
Батырға оқ дарымайды,
Батылға жау жоламайды.
Екі батыр елде жатыр,
Жеке батыр - жерде жатыр.
Жауды қара қашырды,
Батыр атақ Барақта қалды.
Айға шапқан арыстан,
Ашуына болайын;
Жауға шапқан батырдың,
Тасуына болайын.
Үйде қалған қорқақтың
Сасуына болайын.
Батыр мың қол бастайды.
Шешен тар жерде сөз бастайды.
Түзде жүріп,
Жау жайратқан батырмын,
Үйге келіп,
Құрт қайнатқан батырмын.
Есерсоқ батырдан, есті қорқақ артық.
Жомарт жоқты білмейді, батыр көпті білмейді.
Батыр аңқау келер,
Балуан өктем келер.
Батыр мақтанса бір оқтық,
Бай мақтанса бір жұттық.
Жетесіз батыр тез өлер.
Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дер,
Өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын дер.