Қасқыр туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 44
Жұмбақтар: 14
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 53
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 5
Туындылар: 3
Әңгімелер: 28
Ертегілер: 18
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 3
Аңыздар: 5

Қойдың қарғысы қасқырды қаппайды.
Қой жеген қасқыр көңілді,
Қойшысы жаннан түңілді.
Қасқыр мен қой бір жерден су ішпес.
Қасқырдың қарны тоймайды.
Қасқырдан қорықан қой ұстамайды.
Жақыптың өлген ұлына,
Қасқырды тартпа құнына.
Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабар.
Қасқырлы жердің елі айтақшыл.
Қасқырдың өзі қатты, жолы жұмсақ,
Қоянның жолы қатты, өзі жұмсақ.
Қойға қасқыр шапса,
Жарлының жалғызын жейді.
Ұры түн асқанша,
Бөрі қыр асқанша.
Кәрі қасқыр қақпанға түспейді.
Қойға қасқыр шапса,
Ит семіреді.
Қараусыз қалған есек —
Қасқырдың олжасы.
Қасқырдың ауызы жесе де қан,
Жемесе де қан.
Қасқырдан қайрат кетсе,
Ешкіні апа, текені жезде дейді.
Қойшыны таяғы асырайды,
Қасқырды аяғы асырайды.
Қасқыр байлағанға көнбес,
Шошқа айдағанға көнбес.
Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас.