Ұры туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 59
Жұмбақтар: 1
Өлеңдер: 21
Нақыл сөздер: 5
Туындылар: 1
Әңгімелер: 42
Ертегілер: 2
Анекдот, әзілдер: 5
Аңыздар: 4

Бөлінгенді бөрі алар,
Ұзағанды ұры алар.
Ұры бір түнде — бай,
Бір күнде — кедей.
Ұры — көптің жиені.
Аты шулы ұры аштан өлер.
Ұрыны ұры ұрмай-соқпай ұстайды
Барымташының басы бодаудан,
Ұрының басы төлеуден шықпайды.
Әңгіме жолдан қалдырар,
Жолсыздық ұрыға алдырар.
Молдамен жолдас болсаң, намазың қаза болмас.
Ұрымен жолдас болсаң, қазаның таза болмас
Атақты ұры аштан өледі