Қой туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 72
Жұмбақтар: 17
Тақпақтар: 16
Өлеңдер: 45
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 4
Аңыздар: 2

Ақсақ қойдың аузына
Жел айдаған қаңбақ түсер.
Жаман қой өршіл,
Жаман ат тершіл.
Қой қозысын іздейді,
Шаруа қонысын іздейді.
Астауда қалған суды
Арық қой ішеді.
Қой жайын көздесең
Құмға көш.
Сиыр жайын көздесең,
Сырға көш.
Қойдай қоңыр,
Қозыдай момын.
Қой— байлық,
Жылқы —сәндік.
Той өтті —
Қой бітті.
Қойы көптің — тойы көп.
Қошқар соймай, қой сойсам,
Жасық дерсің.
Қой соймай, қошқар сойсам,
Сасық дерсің.
Кәрі қойдың жасындай жасым қалды.
Тоғыз қойдың терісі
Тон шықпаған Толағай.
Жеті қойдың терісі
Жең шықпаған Толағай.
жан-жануар, төрт түлік мал
Семіз қой қыстан майын жеп шығады,
Арық қой жанын жеп шығады.
Арық қойда төстік жоқ.
Семіздікті қой көтерер.
Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір
Қойға екі құлағынан басқаның бәрі жау.
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
Қойшы көп болса, қой арам өлер.
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
Қонақ қойдан да жуас.
Май берсең де жей береді.