Қой туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 72
Жұмбақтар: 17
Тақпақтар: 16
Өлеңдер: 45
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 4
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 4
Аңыздар: 2

Ешкі егіз тауып, қойдан аспайды.
Қой жеген қасқыр көңілді,
Қойшысы жаннан түңілді.
Тау теріскейінен қары азаймас,
Қоңыр қойдың қоңы азаймас.
Қорыққанға қойдың басы да қос көрінер.
Түйе мінген қой арасына жасырына алмайды.
Мойнындағы қарыздан қой да өледі.
Қасқыр мен қой бір жерден су ішпес.
Семірткен қойың осы ма?
Құйрығы қайда досым-ау?
Қасқырдан қорықан қой ұстамайды.
Аулы араластың,
Қойы қоралас.
Жасты жасақта көр,
Құнан қойды қосақта көр.
Қой сүті - қорғасын.
Құтты қонақ келсе қой егіз табар,
Құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабар.
Қойын алдырып, қорасын бекіткен бекер.
Қойдың іші - береке,
Жылқының іші — мереке.
Күн батса қойға соқпақ табылады.
Тоқты күз болмай,
Қойға қосылмайды.
Қой тілегі - амандық,
Бөрі тілегі - жамандық.
Мал жуасы — қой,
Аң жуасы — қоян.
Аңқау бөрі қой үркітеді,
Ақылсыз адам ел үркітеді.
Қойдың сүті – қорғасын,
Қойды ұрған оңбасын.
Жауды санап соғыспайды,
Қойды санап тоғытпайды.
Қойдың басы —
Құданың асы.
Құрттаған қой
Кескекті ала кетер.
Қой қорасына тартады,
Жігіт жорасына тартады.