Уақыт туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 58
Жұмбақтар: 7
Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 242
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 113
Әңгімелер: 9
Ертегілер: 1
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 1

Әр істің өз уақыты мен мекені болады.
 Уақыт пен толқын ешкімді күтпейді.
 Бәрін уақыт емдейді.
Уақыт – үлкен емші.
Уақыт өзгереді.
Бос жүріп, босқа уақыт жіберме.
Әр гүлдің иісі өз уақытында аңқиды.
Уақыты озған өңге,
Бояу жағу ұят емес.
Көңілі ояудың - көзі ілінбейді,
Уақыттың өткені білінбейді.
Әрнәрсе уақытымен қызықты.
Уақытыңның босқа өткені —
Өміріңнің бос кеткені.
Туғанына бұрғаны —
Биді құдай ұрғаны.
Әулекі би
Ат үстінен билік айтар.
Би екеу болса,
Дау төртеу.
Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.
Төренің тілі тәтті,
Діні қатты.
Айырдан туған жампоз бар,
Нар емес десең нанғысыз,
Қарадан туған жігіт бар,
Ханға күнін салғысыз.
Ханның қызы шөміш ұстаса,
Қолы жауыр болады.
Хан халықтан үлкен емес.
Басыңа іс түссе:
Бекке барма, көпке бар,
Бек беліңді сындырады,
Көп ісіңді тындырады.
Ханның ісі қараға түседі,
Бидің ісі параға түседі.
Хан сарайы демесең,
Қатын өсек қаптаған.
Қошеметшіл қу өңшең
Ханды ғана мақтаған.
Ойында өрелік жоқ,
Ханында төрелік жоқ.
Хан көп болса — жау көп,
Би көп болса — дау көп.
Хан — қарақшы,
Халық — сарапшы.