Қатын туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 10
Мақал-мәтелдер: 133
Өлеңдер: 33
Нақыл сөздер: 13
Туындылар: 3
Әңгімелер: 9
Ертегілер: 1
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1

Екі қатын алғаның —
Өзіңді отқа салғаның.
Аты шабан болса,
Қатыны жаман болса,
Жігіттің көрген күні құрысын.
Қатыны би жігіттің
Қайын елі кәдірлі.
Бір қатын тамағымен тойғызар,
Бір қатын қабағымен тойғызар.
Қатыны өлген
Қызды ауылға қарап жылайды.
Долы қатын жылауық,
Сұғанақ қатын — сұрауық.
Жаман қатын алғанның
Жауы үйінде.
Екі қатын алғанның
Дауы үйінде.
Төркіні жақын қатынның
Төсегі жиылмайды.
Олақ қатын оймақшыл,
Салақ қатын сауықшыл.
Қапияда қатын ақыл табады.
Айлас қатын — мұңдас.
Қатын көп болса,
Шөмішті ит жалар.
Бір қатын сылаумен қатын,
Бір қатын қынаумен қатын,
Бір қатын сынаумен қатын.
Астыңда атың болса,
Арғымақ не керек?
Жақсы қатының болса
Ұжмақ не керек!
Қатынның қоры — табашыл,
Еркектің қоры — тобашыл.
Қатыны жоқ,
Ханның қызын алам дейді.
Салақ қатынның үйінен,
Сабақты ине табылмас.
Байсыз қатын — баусыз оймақ.
Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті.
Еріншек қатынның
Етегі жыртық;
Ерке қатынның
Еріні тыртық.
Қатын қырық шырақты.
Отқа барған қатынның
Отыз ауыз сөзі бар.
Қапқа түскен — қатындікі.
Қабаған ит келер ырысты қайырар,
Қарау қатын жолдасыңнан айырар.
Қатынның қары күлегеш,
Еркектің қоры күлегеш.