Қатын туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 10
Мақал-мәтелдер: 133
Өлеңдер: 33
Нақыл сөздер: 13
Туындылар: 3
Әңгімелер: 9
Ертегілер: 1
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 1

Жаман ерден жайдағым жақсы,
Жаман қатыннан бойдағым жақсы.
Денсаулық ғаныбет,
Сырқаулыға болмаса.
Ер жолдасы - қатыны,
Ақ жаулығы болмаса.
Қатын ерге қарайды, ер жерге қарайды.
Ердің құны жүз жылқы, қатыны мың жылқы.
Ағайынға қадірім жоқ бетімді көреді,
Қатыныма қадірім жоқ етімді көреді.
Қатын оңса - қазына, оңбаса - қаза.
Ат жаманы тайменен ойнар,
Қатын жаманы байменен ойнар.
Байдың қатыны өлсе төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе басы қаңғырар.
Қатын алдың, отын алдың.
Қарашы хан тұсында, қатын ер тұсында.
Судағы қайыққа сенбе (кемеге)
Қойныңдағы қатынға сенбе,
Астыңдағы атыңа сенбе.
Сорлы қатын алса таң қысқарады.
Қатынға тисең қарасы жұғады,
Балаға тисең бәлесі жұғады.
Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?
Қатының долы болса, елдің тыныштығынан не пайда?
Ала алмаған атынан көрер,
Қайтып келіп қатыннан көрер.
Қатын ақылсыз, бақа құйрықсыз.
Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дер,
Өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын дер.
Ер - бас,
Қатын - мойын.
Қатының тентек болса,
Қамшың жуан болсын.
Баланы - жастан,
Қатынды - бастан.
Екі қатын алғанның дау үйінде,
Жаман қатын алғанның жау үйінде.
Жақсы қатын ырыс,
Жаман қатын ұрыс.
Екі қатын ұрысса, ұрлығы мен қарлығын айтар.
Қатын алсаң, отын ал.
Қатын жақсы, ер жақсы.