Көңіл туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 93
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 781
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 62
Туындылар: 1
Әңгімелер: 16
Ертегілер: 2

Бақсаң, қайғы-қуаныштың арты сол,
Мәз боп өссең, мұң басады, шарты сол.
Семіртеді, шат қып көңіл өсіред,
Аздырады сосын қайғы-қасірет.
Базарда пұлы бардың көңілі тоқ,
Қатындардың, қарасаң, опасы жоқ.
Әкімнің көңілінде болғанша,
Көзінде бол.
Ақылды ер әр адамның көңілін аулар,
Күйзеліп күнде күншіл жоқты даулар.
Ақыл дария екен,
Көңіл дүлдүл екен.
Атың жақсы болса — жолдың жырағы,
Ұлың жақсы болса — көңіл шырағы.
Тісің кетік болса да, көңілің бітік.
Құлақ естісе – көңіл біледі,
Көз көрсе – құмарлық келеді.
Бұтағы көп ағашқа құс қонады,
Жақсы адамның көңілі хош болады.
Көзден алыстаған,
Көңілден де алыстайды.
Әрі жат, бері жат -
Төсек тарлығы.
Сенікі-менікі -
Көңіл тарлығы.
Көңілі ояудың - көзі ілінбейді,
Уақыттың өткені білінбейді.
Көңіл бір атым насыбайдан қалады.
Тоны жаманды ит қабар,
Көңілі жаманды құдай табар.
Көршімен татудың көңілі тыныш.
Тілі тәтті - көңілі қатты.
Көзі соқырдан қорықпа,
Көңілі соқырдан қорық.
Көңіл қартаймас, көз қартаяр.
Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді.
Көңілдегі сырды көз білдіреді.
Көлденең кісі көңілге қарамайды.
Болымсыздан үлгі шықпас,
Көңілсізден күлкі шықпас.
Көңіл - қазы, көз - таразы.
Көңіл — сөздің сандығы.