Ас туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 370
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 31
Жаңылтпаштар: 4
Нақыл сөздер: 23
Баталар: 4
Әңгімелер: 13
Ертегілер: 1

Дәм мен дидар ғанибет.
Табақты үйдің тауығы —
Қос жұмыртқа туады.
Барыңды үндемесең,
Жоқшылыққа бір соққы.
Тұзсыз май татымсыз,
Қантсыз шай татымсыз.
Жұтаған жұртын мақтар,
Жұғымсыз құртын мақтар.
Қағанағы жарылған,
Уызын мақтайды.
Торсығы жарылған,
Қымызын мақтайды.
Сарымсақты жедің бе,
Сырқатқа ем дедің бе?!
Нармаяның шуаты —
Нартүйенің қуаты.
Сыпайы сойғанына мәз,
Тоғышар тойғанына мәз.
Ошақ басы, от қасы,
Пісіп тұрған ботқасы.
Көже —қатығымен,
Табақ —қасығымен.
Тісің тісіңе тимесе — ас,
Аяғың жерге тимесе — ат.
Қарның ашса қосқа бар,
Қайғың асса досқа бар.
Қасықтап жинап,
Шөміштеп төкпе.
Қатықсыз асым —
Қайғысыз басым.
Шыбын жеп тауыспайды,
Ауру егеді.
Шымшық жеп тауыспайды,
Шашып төгеді.
Қарынның құрышы—
Қаптың бұрышы.
Отынды әйел шаптырар,
Отты тамақ жақтырар,
Жоқты «керек» таптырар.
Тоқ мейілді тойғызу оңай.
Арамдық қып ішкен ас,
Ішіңе барып болар тас.
Табағы таза қатынның,
Тамағы да таза.
Көңілсіз берген қымыздан
Көңілді берген шай артық.
Жапалап асқан жасықтан
Жағып жеген май артық.
Қозы қарын майым бар,
Көп сақтаған жайым бар.
Қазан асқа келмейді,
Ас қазанға келеді.
Есікте отырған,
Төрде отырғаннан дәмелі.