Ас туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 370
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 31
Жаңылтпаштар: 4
Нақыл сөздер: 23
Баталар: 4
Әңгімелер: 13
Ертегілер: 1

Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды.
Аштың ақылы астан әрі аспайды.
Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды.
Жарлының бір тойғаны шала байығаны.
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Берген ас түске жетпейді,
Ниет естен кетпейді.
Атың барда – жер таны желіп жүріп,
Асың барда – ел таны беріп жүріп.
Таңғы асты тастама.
Ас адамның арқауы.
Өле жегенше, бөле же.
Ат адамның қанаты,
Ас адамның қуаты.
Шыбын да балға қонады.
Есек мінген ат сұрамайды,
Балық жеген ет сұрамайды.
Асы жоқ алтын аяқтың,
Алтынын ал да отқа жақ.
Ішіп тоймаған, жалап тоймайды.
Сыйларға асың болмаса,
Сыйпарға тілің болсын.
Алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым.
Атың барда жер таны,
Асың барда ел таны.
Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз.