Ақымақ туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 99
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 17
Нақыл сөздер: 66
Әңгімелер: 6
Ертегілер: 2
Анекдот, әзілдер: 2

Баста ми жоқ болса,
Екі аяққа күш түсер.
Санасызға сан айтсаң да болмайды.
Қазанның күйесі жұғады,
Ақымақтың бәлесі жұғады.
Батыр сөйлей қалса:
Жауға салған ойнағын айтар.
Сәудегер сөйлей қалса:
Ала шапан, байрағын айтар.
Шаштараз сөйлей қалса:
Ұстарасын жаныған..
Қорқақтың көзі үлкен,
Ақымақтың сөзі үлкен.
Ақымақ шаппамен бауыздар,
Ақылды мақтамен бауыздар.
Ақымақ жылынса, тон киместей,
Тойса, нан жеместей.
Ақымақ ішкен-жегенін айтады,
Ақылды көрген-білгенін айтады.
Ақымаққа айтқан сөз
Далаға атқан оқпен тең.
Ақымақпен астаспа
Ақылдымен қастаспа.
Ақымақ тойынса,
Туысын танымайды.
Ақылды тойынса,
Тобасынан жаңылмайды.
Ақымаққа айла жоқ,
Айтқанменен пайда жоқ.
Ақылды адам,
Ақымақтан да бірдеңе үйренеді.
Ақымақ басқа,
Адырайған көз бітер.
Апандай ауызға,
Саудыраған сөз бітер.
Ақымақтан арқан бойы алыс жүр,
Тұрлаусыздан тұсау бойы алыс жүр.
Ақымақтың ала-құласы болмайды.
Жаманның ақылы қалтасында,
Ақымақтың ақылы балтасында.
Ақымақ бұзуға бар,
Түзеуге жоқ.
Көп сөйлесең — тақылдақ дер,
Аз сөйлесең — ақымақ дер.
Ақымақ күлкіге тоймайды,
Жалқау ұйқыға тоймайды
Милауға сөз ұқтырудан
Бураны кезіктіру оңай.
Ақылды кісіні аяла,
Ақымақ кісіні аяма.
Арыстан асқынса — айға шабар,
Ақымақ асқынса — анасын сабар.
Ақылды "көндім" десе,
Ақымақ "жеңдім" дейді.