Ақымақ туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 99
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 17
Нақыл сөздер: 66
Әңгімелер: 6
Ертегілер: 2
Анекдот, әзілдер: 2

Ақымақ әкімнің айналасында жарамсақтар отырады,
Ақылды әкімнің айналасында ақылды адамдар отырады.
Ақымақ болса да, серік жақсы,
Қисық болса да, жол жақсы.
Ақымақ білмес атының арығанын,
Көсе білмес жасының қарығанын.
Ақылды қанша қараңғы болса да, алысты көреді,
Ақымақ ақыр заман болса да, мәз боп жүреді.
Ақылдыға айтса, біледі,
Ақымаққа айтса, күледі.
Ақылдыға жақындас,
Ақылсыздан өз басыңды алып қаш.
Ақылдыға ишарат,
Ақымаққа тоқпақ.
Ақылды адам өмір сүру үшін ішіп-жейді,
Ақымақ күнде ішіп-жеу үшін өмір сүреді.
Ақылды көрші — төрің.
Ақымақ көрші — көрің.
Ақылды отқа қарайды,
Ақымақ қазанға қарайды.
Ақымақпен бір қапқа кірмес болар.
Жалғыздықтан гөрі,
Ақымақ болса да, жолдасың болғаны абзал.
Шақпақ, шақпақты отқа бермек ақымақ.
Ақылды ісіне сенеді,
Ақымақ түсіне сенеді.
Ақымақ достан ақылды қасың жақсы.
Ақымақ шынын айтамын деп сырын айтар.
Ақымақ әкесін өлтіргенмен дос болады.
Ақылды адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді.
Алла салған отты ақымақ өшіре алмас.
Ақымақты үйрету - өлгенді тірілту.
Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.
Ақымақтың сөзі ақау татыр.
Ақымақтың үлкен-кішісі болмайды.
Ақылдыға ишарат,
Ақымаққа таяқ.
Ымды білмеген, дымды білмейді.