Ақымақ туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 99
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 17
Нақыл сөздер: 66
Әңгімелер: 6
Ертегілер: 2
Анекдот, әзілдер: 2

Ақылдыға мөр, ақымақ үшін құлып.
Жолығады ақымақпен ақымақ,Тамсанады, бірін-бірі таңырқап.
Ақымақты үйрету, суда жазумен тең
Ақылды жамау-жасқау іліп шығар,Ақымақ әлем-жәлем киіп шығар.
«Ақылды қайғырған жерде, Ақымақ той қылады»
Қайғы әр түрлі болады, ел қайғысы да болады, ер қайғысы да болады. Яғни, қайғы жалпы да..
©  Гүлтас Құрманбай
Ақымақ балташы орманға кірсе,Ағаш біткен қалтырайды.
Ақшалы болса ақымақ та төре.
Сөз сөйлесе-ақылды-ақ,Іске келсе-ақымақ.
Айтушы ақымақ болса,Тыңдаушы дана керек.
Ақымақтың күлкісі алыстан естіледі.
Ақымақ балық үшін ілмек дұшпан, балықшы емес.
  Балықты – аузынан, ақымақты – сөзінен ұстайды.
 Жазадан соң ақылды – дана болады, ақымақ – бала болады.
Болат кездік қап түбінде жатпайды,
Ақылы жоқ жаманды егеулеп тұрсаң, батпайды.
Әкім ақылды, дана болса, төңірекке бас болар.
Ақымақ жауыз болса, төңірекке қас болар.
Ақымақ мың батпан тасты көтереді,
Бір ауыз сөзді көтере алмайды.
Ақымаққа қанша айтсаң, бірін ұқпас.
Ақымаққа іс тапсырған
Жіптің ұшын жоғалтқанменен бір.
Ақымақпен жараспа,
Ақылдыдан адаспа.
Ақымақтың әңгімесін тыңдағанша,
Зынданда жатқан жақсы.
Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді.
Ақымақтың аты шықса,
Әр төбеде бір із қалдырар.
Алған қатын ақылды, ізгі болса,
Ол еріне жан болар.
Ақымақ, жауыз болса,
Құр жұмысқа жар болар.
Ақылдымен отыру — ақымаққа жаза,
Ақымақпен отыру — ақылдыға тозақтан жаман қаза.
Ақылсыз кісі — қос уыс қоқыс.