Ақылды туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 59
Өлеңдер: 15
Нақыл сөздер: 32
Туындылар: 2
Әңгімелер: 4
Ертегілер: 2

Ақымақпен жараспа,
Ақылдыдан адаспа.
Алған қатын ақылды, ізгі болса,
Ол еріне жан болар.
Ақымақ, жауыз болса,
Құр жұмысқа жар болар.
Ақылдыға сөз ерер,
Ақылсызға бөз ерер.
Ақылдымен отыру — ақымаққа жаза,
Ақымақпен отыру — ақылдыға тозақтан жаман қаза.
Ақымақ әкімнің айналасында жарамсақтар отырады,
Ақылды әкімнің айналасында ақылды адамдар отырады.
Ақылды ер әр адамның көңілін аулар,
Күйзеліп күнде күншіл жоқты даулар.
Ақылды кісінің ісі де ақылды,
Біліксіз кісінің «біліксіз» деген аты да былғаныш.
Ақылды қанша қараңғы болса да, алысты көреді,
Ақымақ ақыр заман болса да, мәз боп жүреді.
Ақылды қомағай астына қарар,
Ақылсыз қомағай үстіне қарар.
Ақылды ой ойлағанша,
Тентек ісін бітірер.
Ақылды үшін дүние толған тікенек,
Бассаң, кірер аяғыңа, байқа тек!
Ақылдыны іздегеннің өзі — нағыз ақылды,
Білімдіні іздегеннің өзі — нағыз білімді.
Ақылды істі асығып ойланбайды,
Ішегің көп жүгірсең майланбайды.
Ақылдыға айтса, біледі,
Ақымаққа айтса, күледі.
Ақылдыға жақындас,
Ақылсыздан өз басыңды алып қаш.
Ақылдыға ишарат,
Ақымаққа тоқпақ.
Ақылдыға сөз айтсаң,
Толыса түсер ақылы.
Ақылсызға сөз айтсаң,
Сол күйі қалар ақыры.
Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың,
Ақылсыз басшың болса, елдің азы боларсың.
Ақылды көрші — төрің.
Ақымақ көрші — көрің.
Ақылды отқа қарайды,
Ақымақ қазанға қарайды.
Ақылсыз адам "менмен" келер,
Ақылды адам - кеңінен келер.
Ажал ақмақ үшін алтау.
Ақылды үшін біреу.
Екі мақұл дауласса, сөздері асқар ала таудай болар.
Бір тентек бір ақылды таласса, атысқан жаудай болар.
Ақылдыға ишарат,
Ақымаққа таяқ.
Ақылды мақтанса, істі тындырар,
Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар.