Хан туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 48
Жұмбақтар: 3
Өлеңдер: 91
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 12
Туындылар: 2
Әңгімелер: 27
Ертегілер: 12
Поэмалар: 4
Шығармалар: 8
Анекдот, әзілдер: 3
Аңыздар: 42

Хан - қарақшы,
Халық - орақшы.
Хан - қазық,
Би - тоқпақ.
Кеңесті хан азбайды,
Кең киім тозбайды.
Ханда қырық кісінің ақылы бар.
Хан еріксе, қара халық ханның ойыншығы болады.
Әр ханның тұсында,
Бір сұрқылтай.
Хан сыртынан жұдырық.
Ханнан қазық, биден тоқпақ.
Қара қайсы, хан қайсы,
Елді ойлаған жан қайсы.
Бай қасына барып бақыр болмасаң, маған кел,
Хан қасына барып басыңды алмаса, маған кел.
Ханның ісі қараға түсер,
Батырдың ісі балаға түсер,
Байдың ісі кедейге түсер,
Бәйбішенің ісі тоқалға түсер,
Арыстанның ісі тышқанға түсер,
Ердің..
Бала ханнан үлкен,
Ашамай нардан үлкен.
Ханды құдай ұрғаны,
Халқымен жау болғаны.
Биді құдай ұрғаны,
Билігі дау болғаны.
Айырдан туған жампоз бар,
Нар емес десең нанғысыз,
Қарадан туған жігіт бар,
Ханға күнін салғысыз.
Көп толқыса — хан құлайды,
Көл толқыса — жар құлайды.
Хан халықтан үлкен емес.
Ханның ісі қараға түседі,
Бидің ісі параға түседі.
Хан сарайы демесең,
Қатын өсек қаптаған.
Қошеметшіл қу өңшең
Ханды ғана мақтаған.
Ойында өрелік жоқ,
Ханында төрелік жоқ.
Хан жарлығынан
Қатын жарлығы күшті.
Хан көп болса — жау көп,
Би көп болса — дау көп.
Хан — қарақшы,
Халық — сарапшы.
Халық қаласа,
Хан қайығын береді.