Халық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 145
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 321
Нақыл сөздер: 124
Құттықтау, тілектер: 1
Баталар: 3
Туындылар: 4
Әңгімелер: 34
Ертегілер: 1
Шығармалар: 4
Аңыздар: 2
Эсселер: 1

Халық қорғамаған басыңды
Қалпақ қорғай алмайды.
Көшпелі елде қорған жоқ,
Көк сеңгірде орман жоқ.
Халықтан қайырымдылықты,
Қариядан байымдылықты үйрен.
Құлқынның құлы болғанша,
Халқыңның ұлы бол.
Ел болатын жігіттер,
Ел намысын жыртады,
Ел болмайтын жігіттер,
Елін ұрлап құртады.
Халқына тартпағанның
Қары сынсын.
Халқым — қазынам, қазаным,
Туғаным — туырлығым.
Өзбек байыса там салар,
Қазақ байыса, қатын алар.
Жақсылық қылсаң халыққа,
Бір қайырымын аларсың.
Жамандық қылсаң халыққа,
Жапанда жалғыз қаларсың.
Қаланған кірпіш кәдеге асқаны,
Қағылған шеге — орнын тапқаны,
Жігіттің халыққа жаққаны
Шырақ жаққаны.
Хан сырын білгеннің,
Қаны төгіледі.
Халық сыны қатесіз.
Қатардан ассаң да,
Халықтан аспақ жоқ.
Қалыптан безсең де,
Халықтан безбе.
Халық қаһары қамал бұзар.
Өнер көзі — халықта.
Халық түзетпегенді,
Қалып түзетпейді.
Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке
Халыққа қарсы жүру - ағысқа қарсы жүзу.
Халық қаласа,
Хан қайығын береді.