Өлім туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 5
Мақал-мәтелдер: 112
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 299
Нақыл сөздер: 84
Туындылар: 1
Әңгімелер: 30
Поэмалар: 3
Аңыздар: 5
Эсселер: 1

Біліксіз кісі ауру іспетті,
Ауруды емдемесе, тез өледі.
Бұл өмірдегі ең соңғы баратын жер — көр.
Бура өле ме, бота өле ме?
Кәрі өле ме, жас өле ме?
Айы жеткен айда өлер,
Күні жеткен күнде өлер.
Байысаң да өлетұғын кез жетер,
Сонда саған екі-ақ құлаш бөз жетер.
Аш болып тірі жүргенше,
Тоқ болып өлген артық.
Ауруын емдетпеген тез өледі.
Ауру — өлім хабаршысы, белесі.
Өлім деген — тіршіліктің елесі.
Ауру — өлімнің түрткісі.
Ауру қанша қатты болса да,
Өлімнің кепілі емес.
Аты қалған ер өлмейді,
Адам мәңгі атағымен селбесер,
Аты қалса, бұ жалғанда өлмес ер.
Атаң өлсе өлсін,
Атаңды көрген өлмесін.
Ат, өгіз терін бай бермес,
Жарлы болсаң, көз көрмес.
Өлсе жаман мал берер ысқатына,
Жанға өлшеген малдары жанына ермес.
Аңғармай сөйлеген,
Ауырмай өледі.
«Ажалсыз адам өлмес» деп,
Жыланды құйрығынан ұстама.
Ажалсыз аштан өлмес.
Ажалсыз балық құрғақ жерде де өлмейді.
Ажал анық болса да,
Мезгілі жетпей ер өлмес.
Адам ісінің астарында өлім жатады.
Адам бір оқтық, өлтіру оңай,
Бірақ мың адам бір адамды тірілте алмайды.
Ерегістен ер өледі.
Жасырған кеселді өлім әшкерелейді.
Дұшпанға өлім тілегенше,
Өзіңе өмір тіле.
Жапалақты таспен ұрса да,
Жапалақ өледі.
Жапалақпен тасты ұрса да,
Жапалақ өледі.
Болар-болмас өліпті,
Ат шаптырып қойыпты.
Қыбырсыз жатып өлгенше,
Қыбырлап атып өл.