Мал туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 163
Жұмбақтар: 7
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 57
Жаңылтпаштар: 7
Нақыл сөздер: 43
Туындылар: 1
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 5
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1

Ақша сіздікі,
Мал біздікі.
Ырысқа қарай, ер өсер,
Қонысқа қарай, мал өсер.
Қасында қара көп болса,
Нөкер емей немене?
Шөлдегенде ішкен су
Шекер емей немене?
Ат жалынан тапқан мал
Бекер емей немене?
Ауырып, жазылған жан олжа,
Жоғалып, табылған мал олжа.
Ағадағы мал — аспандағы мал,
Інідегі мал — ін түбіндегі мал,
Баладағы мал — даладағы мал.
Мал балада қалды,
Бай далада қалды.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Атаңнан мал қалғанша.
Тал қалсын.
Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер.
Әзірейіл барда,
Жаным бар деме.
Барымта барда
Малым бар деме.
Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.
Айдай салдың малы өспейді.
Көре салдың қойы өспейді.
Барымтадан қорыққан
Мал жимас.
Жаманның үсті су болса,
Кеппестей көрер;
Жаман адамға мал бітсе,
Кетпестей көрер.
Жер құтты болса,
Мал сүтті болады.
Өлеңді жерде
Өгіз семіреді,
Өлімді жерде
Молда семіреді.
Қатты қыстан мал қалса — олжа,
Қатты аурудан жан қалса — олжа.
Малға бәлемет - басқа саламат.
Мал көтерер өлімді, дос көтерер көңілді.
Малды тауысайын десең пұл қыл,
Азығыңды тауысайын десең, ұн қыл.
Мал біткен кісінің иті үреген болады, аты жүреген болады.
Малды шұбыртқан құртады,
Етті қуырдақ құртады.
Малдың аяғы оттамайды, аузы оттайды.
Мал көкке тоймай, аузың аққа тимейді.
Өрісіне қарап мал өсер, өзеніне қарап тал өсер