Денсаулық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 137
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 11
Нақыл сөздер: 66
Туындылар: 3
Әңгімелер: 3
Шығармалар: 7
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 4

Алты қатын азаға келсе,
Әр қайсысы өз мұңын
Айтып жылайды.
Сырқат тән жарасы,
Қайғы жан жарасы.
Қартайғанда тістен тынарсың,
Тістен тынсаң, іштен тынарсың.
Ұйқы — тынықтырады,
Жұмыс — шынықтырады.
Айғыр аурудың емшісі алдынан шығар.
Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
Тер шықпаған кісіден,
Дерт шықпайды.
Басы жұмыр пенденің
Барар жері белгілі.
Жылан шаққан адам,
Ала арқаннан аттамайды.
Тостағандай басымда
Тоғыз жара.
Жұдырықтай жүректе
Жеті жара.
Білімнен қымбат досың жоқ,
Аурудан бетер қасың жоқ.
Ұстағанша жүз дәрігерді қайдағы,
Тамағыңды шақтап ішкен пайдалы.
Ауру азығымен,
Тоқпақ қазығымен.
Қара көзден нұр тайса,
Айналаң қара түн болар.
Екі аяқтан әл кетсе
Қарға адым жер мұң болар.
Көп ауырған ем табады,
Көп адасқан ел табады.
Күрек тісің сынса,
Күлкің бұзылады.
Жаны ашымастың қасында
Басың ауырмасын.
Ауру аяқ астында,
Арылу жиде басында.
Дәрі шөптен шығады,
Дана көптен шығады.
Боранын бұрқыратқан қыстан,
Сай-сүйегіңді сырқыратқан
Сары уайым жаман.
Қотырды қаси берсең қаны шығар.
Киізді қаға берсең шаңы шығар.
Соқырдың қолына түспе,
Саңыраудың астына түспе.
Таздың тарағы алтын,
Мергеннің садағы алтын.
Ауру жайын баққан біледі,
Аңның жайын атқан біледі.
Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.