Жігіт туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 220
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 322
Нақыл сөздер: 39
Құттықтау, тілектер: 8
Баталар: 16
Туындылар: 1
Әңгімелер: 67
Ертегілер: 5
Поэмалар: 3
Анекдот, әзілдер: 22
Аңыздар: 13

Кісінеген айғырдың үйірін көр,
Шіренген жігіттің үйін көр.
Айшық мүйіз ақ серке қойды бастар,
Қыпша белді жігіттер топты бастар.
Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дер,
Өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын дер.
Жігіттің ерінгені көрімнің көрінгені.
Көшкен жұрттың қадірі қанғанда өтер,
Ер жігіттің қадірі өлгенде өтер.
Жігіттің бір жұрты нағашысы.
Арғымақтың белгісі,
Аз оттар да көгі жусар.
Асыл жігіт белгісі,
Аз сөйлер де көп тыңдар.
Ұрыншақ ат арық болар,
Көңілшек жігіт жарлы болар.
Жаман болатын жігіт, шегіншек келер,
Кедей болатын жігіт, еріншек келер.
Қырсыққан жігіт мал таппас.
Адасқан жігіт жол таппас.
Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.
Істің ағы білінбейді,
Жігіттің бағы білінбейді.
Жақсы жігіт жер шолып,
Ақыр түбі айналар.
Жігітті не дауда, не жауда сынайды.
Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.
Жарлы атанар жігіт - байталын атқа айырбастайды,
Жалғыз қалар жігіт - ағайынын жатқа айырбастайды.
Ұятсыз әйел – тұзсыз ас,Әдепсіз жігіт – жүгенсіз ат.
Ер жігіт —
Етек, жеңі кең жігіт.
Ер жігіт елдікі.
Ебелек желдікі.
Күміс тозса — күл,
Жігіт арыса — құл.
Ақ сұңқар ұшар жем үшін,
Ер жігіт туар ел үшін.
Сағы сынған жігіттің —
Қамшысының сабы сынар.
Жігітті, бірде, майданда сына,
Бірде, бейғамда сына.
Босаң жүрген жігітті
Бел үстінде бөрі алар.
Еркінсіген көкжалды
Ебін тапқан ер алар.