Жігіт туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 220
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 322
Нақыл сөздер: 39
Құттықтау, тілектер: 8
Баталар: 16
Туындылар: 1
Әңгімелер: 67
Ертегілер: 5
Поэмалар: 3
Анекдот, әзілдер: 22
Аңыздар: 13

Жiгiттiң халыққа жаққаны –
Шырақ жаққаны.
Өзiм бiлем деген жiгiттiң,
Басына ойран салғаны.
Көп бiледi деген жiгiттiң,
Басына қорған салғаны.
Баспас ат, өтпес пышақ – жұрт айтады.
Жігітті осы екеуі қартайтады.
Жасында жігіт оқталады,
Қартайғанда тоқталады.
Екі ел екі тарап болса, екі жігіт қатын алады.
Білтесіз шырақ жарық шашпас,
Әрекетсіз жігіт ілгері баспас.
Әдепсіз жігіт жүгенсіз атқа ұқсайды.
Адаспаймын деген жігітті қараңғы түн адастырады.
Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан.
Жігітке намыс – қымбат, ар – ауыр.
Жылқы жаюға жылпос жігіт жарайды.
Жаман әйел төсегінен белгілі,
Жаман жігіт есебінен белгілі.
Тыртақай жігітке,
Жыртақай әйел кез болар.
Жiгiттiң екi өнерi бар:
Атқанда – жыққан, ашқанда – оқыған.
Қанша жуан болса да,
Жалғыз ағаш үй болмас,
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз жігіт ьи болмас.
Жігіт жүзге жеткен елді,
Жүзі қара кемітеді.
Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.
Жауға аттанар жігіт, төл атын мінеді.
Жаман жігіт
Жолдасын жауға алғызар,
Өзін ұятқа қалғызар.
Ер жігіт үш ақ үй тігеді
Үш қара үй тігеді.
Ер жігіт бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік.
Төске айылдың батқанын
Иесі білмес, аты білер;
Ер жігіттің қадірін
Ағайын білмес, жат білер.
Етікті нәл сақтайды,
Жігітті әл сақтайды.
Жігітті құдай ұрарында жорта бастайды,
Байталды құдай ұрарында құлын тастайды.
Алғаны жақсы жолықса, жігіт тағы жасарар.