Жігіт туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 220
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 322
Нақыл сөздер: 39
Құттықтау, тілектер: 8
Баталар: 16
Туындылар: 1
Әңгімелер: 67
Ертегілер: 5
Поэмалар: 3
Анекдот, әзілдер: 22
Аңыздар: 13

Бидайдың кеудесін көтергені – Дақылының жоқтығы. Жігіттің кеудесін көтергені – Ақылының жоқтығы.
*Кеудесін көтеріп, жұрттан өзін биік..
©  Гүлтас Құрманбай
 Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.

Жар таңдау – күрделі жұмыс. Адам өмірінің..
©  Гүлтас Құрманбай
Жаман болатын жігіт шегіншек келер, Кедей болатын жігіт еріншек келер.

Шегіншек келер дегенді қалай түсінесіз?
Еріншек адамның бай болғанын..
©  Гүлтас Құрманбай
Соры бар жігітке,Сортаң жер кез болар,Айналасы ойпаң жер кез болар. 
Құс қанатымен танылар,Жігіт қайратымен танылар.
Құдығында су бардаЖігітті шөл қинар ма?
Озбайтын ат ұрыншақ,
Ұзамайтын жігіт ұрысқақ.
©  Кенен Әзірбаев
Бойдақ жігітке елу құлаш бөзден де ыстан шықпайды.
©  Махмұд Қашқари
Сен жылама "Бұл жігітке бардым" деп,Ол жыласын "Бір пәлеге қалдым" деп.
Жарлы болатын жігіткеҚазалы мал тап болар.Жалғыз болатын жігіткеБедеу қатын тап болар. 
Жігітке жеті өнер де аз.
Жігіттің ауаны да, қыдыра берсін.
Көлдің көркі — құрақ,Жігіттің көркі — пырақ.  
Жігіттің іскерлігі ісінен мәлім.Жылқы жасы тісінен мәлім. 
Жетесіз жігіт - ел қадірін білмес, некесіз әйел - ер қадірін білмес. 
©  Майқы би
Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта.
©  Бауыржан Момышұлы
Ерлік – ердің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.
©  Бауыржан Момышұлы
Жігіттің іскерлігі ісінен мәлім.
Жылқы жасы тісінен мәлім.
Бойдақ жігітке елу құлаш бөзден де ыстан шықпайды.
Батырлардың мықтысы қарушы болады,
Жігіттердің сұлуы бауыршы болады.
Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз,
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсінген жігітті дау келгенде көрерміз.
Ат жақсысы — шанада,
Жігіт жақсысы — саудада.
Ат қартайса, есекке үйір,
Жігіт қартайса, төсекке үйір.
Бүркітін мақтағанның ұясын сұра, жігітін мақтағанның нағашысын сұра.
Түлкі алмас қыран жоқ, құсбегісі кезіксе,
Жақсы болмас жігіт жоқ, ақылшысы кездессе.