Дау туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 63
Өлеңдер: 17
Нақыл сөздер: 16
Әңгімелер: 8
Ертегілер: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1

Өрлеген балық ауға жолығар,
Өркөкірек жігіт, дауға жолығар.
Көптеген жау алады,
Көмектескен дау алады.
Үш нәрсенің алдын ал:
Аурудың алдын ал,
Жаудың алдын ал,
Қайта қозған даудың алдынал.
Ауру — астан,
Дау —қарындастан.
Жігіт жауда өлер,
Шешен дауда өлер.
Суды шым бөгейді,
Дауды қыз бөгейді.
Атаның өспес ұлы
Өнбес дауды даулайды.
Жылқылы елде жау көп,
Жатақ елде дау көп.
Болмайтын істің басында болма,
Бітпейтін даудың қасында болма.
Би жаманы дауға алдырады,
Жігіт жаманы жауға алдырады.
Ханды құдай ұрғаны,
Халқымен жау болғаны.
Биді құдай ұрғаны,
Билігі дау болғаны.
Есі мақұл дауласса,
Сөздері асқар ала таудай болар.
Бір тентек, бір ақылды дауласса
Атысқан жаудай болар.
Екі тентек дауласса,
Сап-саудай болар.
Аянбаған жауды алар
Абайлаған дауды алар.