Дау туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 63
Өлеңдер: 17
Нақыл сөздер: 16
Әңгімелер: 8
Ертегілер: 1
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1

Дәйексіздің дауы бітпес.
Басы ауырған бақсыға барады,
Даулы кісі жақсыға барады.
Екі мақұл дауласса, сөздері асқар ала таудай болар.
Бір тентек бір ақылды таласса, атысқан жаудай болар.
Аларда даусыз өнімді,
Саларда келіс егінді.
Соқырдан қарауыл қойсаң, еліңді жауға алдырар,
Наданнан би қойсаң, еліңді дауға қалдырар.
Алтын шірімес,
Дау қалмас,
Жан сасымас.
Екі қатын алғанның дау үйінде,
Жаман қатын алғанның жау үйінде.
Дауды шешен бітірмейді, би бітіреді.
Ауру астан,
Дау қарындастан.
Дауды елемеген төлейді,
Ауруды елемеген өледі.
Судың түбін шым бекітер,
Даудың түбін қыз бекітер.
Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,Ұлы жүзді қауға беріп малға қой,Кіші жүзді найза беріп жауға қой.
©  Майқы би
Жігітті не дауда, не жауда сынайды.
Дау мен жау — ерге сын,
Көшіп-қонбақ — елге сын.
Жау мен дау — егіз.
Жау шақырып, аттан салма!
Дау шақырып, барымта алма!
Жауға барсаң, бәрің бар,
Дауға барсаң, бірің бар.
Үндемесең, дау алар,
Жата берсең, жау алар.
Батырсыған жігітті
Жау келгенде көрерміз.
Мен-менсіген жігітті
Дау келгенде көрерміз.
Даудың жолына түспе,
Жаудың қолына түспе.
Жау жоқта батыр көп,
Дау жоқта ақыл көп.
Ел даусыз болмайды,
Ер жаусыз болмайды.
Ер басына дау келсе,
Ерлігі кетер басынан.
Би басына дау келсе,
Билігі кетер басынан.
Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.
Жаманның сөзін сөйлеме,
Жасықтың дауын даулама.