Жан-жануар туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 601
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 1

Тумаған тайыншаның
Піспеген уызына қарама.
Сиырда аунамақ жоқ,
Жылқыда күйсемек жоқ,
Тамда белдеу жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Суда қаймақ жоқ.
Малды бақсаң, сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан.
Егін ексең, бидай ек,
Құт кетпейді даладан.
Сиырлы кісі — сыйлы кісі,
Түйелі кісі — күйлі кісі.
Сиырды жақсы көрсеткен
Артындағы танасы
Әйелді жақсы көрсеткен
Қасындағы баласы.
Сиырды теппейді,
Сүтті төкпейді.
Бұқа иесіне бұзау жоқ.
Сиыр сары болмас,
Түйе торы болмас.
Бәйге алмаған жүйріктен
Белі берік бесті артық.
Сүт бермеген сиырдан
Шай қатық берген ешкі артық.
Сиырға ер жараспас.
Түйешіге жолықсаң:
Өркеші биік тайлағын айтар.
Сиыршыға жолықсаң:
Шелегі толы қаймағын айтар.
Малды баққанға бақтыр,
Отынды шапқанға жақтыр.
Әңгіме бұзау емізер,
Бұзау таяқ жегізер.
Сиырдың сүті — тілінде.
Құдай жүгіртпегенді
Бұзау жүгіртеді.
Өлген сиыр сүтті болады.
Өгіз өлгенше өседі.
Сиырлының үйі —айран,
Сиырсыздың үйі — сырдаң.
Мал жақсысы — сиыр,
Жер жақсысы — кебір.
Қашарында қашарсың,
Бұзауларда сасарсың.
Бұқаның арамзасы,
Бұзау арасында жүрер.
Түзде бұзауы жамырағанның.
Үйде айраны төгілер.
Нәсілі жаман сиырдан,
Өлі бұзау туады.
Болдырған сиыр,
Молаға сүйкенеді.
Ойда он сиырдың мүйізі сықырласа,
Қырда қырық бұғының мүйізі сықырлайды.