Жан-жануар туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 601
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 1

Жоқты керек таптырар,Жалғыз атты саттырар. 
Жігіттің іскерлігі ісінен мәлім.Жылқы жасы тісінен мәлім. 
Жомарттыққа не жетсін?Жүйріктен құтылып не кетсін?  
Құлындаған биеден,Құдық суы артылмас,Боталаған түйеденБұлақ суы артылмас? 
Ит қуған тай ұстатпас. 
Ат сабылды— жоқ табылды. 
Аттыға жаяу жолдас болмас. 
Үйірі басқаны ноқта қосады. 
Тозбас тон,Арымас ат болмас. 
Жылқының еті:Жемесең түсіңе кіреді,Жесең тісіңе кіреді. 
Аяңшыл ат — арымас. 
Ер қанаты — ат,Сөз қанаты — хат. 
Сиыр алсаң танып ал,Танымасаң тарғыл ал. 
Сиыр сипағанды білмейді,Жаман сыйлағанды білмейді. 
Ортақ өгізден,Оңаша бұзау артық. 
Сиыр су ішсе,Бұзау мұз жалайды.
Өгізге туған күнБұзауға да туады. 
Сүтсіз сиыр — сүзеген.
Буаз бие тебіспейді,
Буаз сиыр сүзіспейді.
Арбаң сынса — отын,
Өгізің өлсе — етің.
Сүзеген бұқа мүйізін жасырмайды.
Сиыр мүйізді өгізде күш жоқ,
Өгіз мүйізді сиырда сүт жоқ.
Атан өгіз мүйізімен де
Соқа сүйрей алады.
Керікеткен сиыр
Кенже бұзаулайды.
Азғын бұзау — ашқарақ.