Жан-жануар туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 601
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 1

Керікеткен сиырКенже бұзаулайды. 
Атан өгіз мүйізімен деСоқа сүйрей алады. 
Сиыр мүйізді өгізде күш жоқ,Өгіз мүйізді сиырда сүт жоқ. 
Сүзеген бұқа мүйізін жасырмайды. 
Арбаң сынса — отын,Өгізің өлсе — етің. 
Буаз бие тебіспейді,Буаз сиыр сүзіспейді. 
Сиыр судан жериді,Су сиырдан жериді. 
Бас білген өгізге«Өк!» деген өлім. 
Жаман сиырЖазда бұзаулайды. 
Өгізді өрге айдағанның:Өмірі өксиді. 
Үйде өскен бұзау,Түзде өгіз болмайды. 
Өгіз өлген жерінде мөңірейді. 
Ойда он сиырдың мүйізі сықырласа,Қырда қырық бұғының мүйізі сықырлайды. 
Болдырған сиыр,Молаға сүйкенеді. 
Нәсілі жаман сиырдан,Өлі бұзау туады. 
Бұқаның арамзасы,Бұзау арасында жүрер. 
Қашарында қашарсың,Бұзауларда сасарсың. 
Мал жақсысы — сиыр,Жер жақсысы — кебір. 
Сиырлының үйі —айран,Сиырсыздың үйі — сырдаң. 
Өгіз өлгенше өседі. 
Өлген сиыр сүтті болады. 
Құдай жүгіртпегендіБұзау жүгіртеді. 
Сиырдың сүті — тілінде. 
Әңгіме бұзау емізер,Бұзау таяқ жегізер. 
Сүтсіз сиыр — сүзеген.