Жан-жануар туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 601
Өлеңдер: 2
Жаңылтпаштар: 1

Қойшының — таяғынан,Келінің — аяғынан. 
Қайтқан малдың қайыры бар. 
Есек барға саналса да,Малға саналмайды. 
Қара тұяқ қарында жатпас. 
Кетпенім сай, шотым сай,Қазсам суға жетемін.Отаным сай, атым сай,Көшсем нуға жетемін. 
Шаруаның иті де ұрғашы болсын. 
Түйе — байлық,Қой — мырзалық,Жылқы — сәндік. 
Тоңға жатқан мал оңбас,Тобырға түскен іс оңбас. 
Жаман қойшы жайлауынБір күн жейді,Жақсы қойшы жайлауынМың күн жейді. 
Төл төлден өседі. 
Жер — ана,Мал — бала.
Бас екеу болмай,Мал екеу болмайды. 
Малды баққанға бақтыр,Отынды шапқанға жақтыр. 
Түйешіге жолықсаң:Өркеші биік тайлағын айтар.Сиыршыға жолықсаң:Шелегі толы қаймағын айтар. 
Сиырға ер жараспас. 
Бәйге алмаған жүйріктенБелі берік бесті артық.Сүт бермеген сиырданШай қатық берген ешкі артық. 
Сиыр сары болмас,Түйе торы болмас. 
Бұқа иесіне бұзау жоқ. 
Сиырды теппейді,Сүтті төкпейді. 
Сиырды жақсы көрсеткенАртындағы танасыӘйелді жақсы көрсеткенҚасындағы баласы. 
Сиырлы кісі — сыйлы кісі,Түйелі кісі — күйлі кісі. 
Малды бақсаң, сиыр бақ,Сүт кетпейді шарадан.Егін ексең, бидай ек,Құт кетпейді даладан. 
Сиырда аунамақ жоқ,Жылқыда күйсемек жоқ,Тамда белдеу жоқ,Таста тамыр жоқ,Суда қаймақ жоқ. 
Тумаған тайыншаныңПіспеген уызына қарама. 
Азғын бұзау — ашқарақ.