Жан туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 59
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 318
Нақыл сөздер: 55
Туындылар: 2
Әңгімелер: 17
Ертегілер: 2
Поэмалар: 3
Шығармалар: 2

Екі биелі ел сақтайды,
Бір биелі жан сақтайды.
Ауруың қайда болса, жаның да сонда.
Масқараланып ұрлығым шыққанша,
Шыңғырып шыбын жаным шықсын.
Ананың жаны –
Судың толқыны.
Сенің жаның – жан да,
Менің жаным – баклажан ба.
Шуақ жасыңды құрғатқанмен,
Жаныңды жұбата алмайды.
Жаман атағың шыққанша,
Жаның шықсын.
Бұқараңмен – жансың,
Бұқарасыз – шаңсың.
Бір кемеге мінгеннің жаны бір.
Етігің жаман болса, аяғыңды қажайды,
Жолдасың жаман болса, жаныңды қажайды.
Үргедекпен оттас болсаң,
Сөзіне сенбе,
Жан алқымда өзіне сенбе.
Жан тәнге қонақ.
Қараның ашуы келгенде сарының жаны шығады.
Малым - жанымның садақасы,
Жаным - арымның садақасы.
Тәртіп - тән үшін, ынтымақ - жан үшін керек.
Алтын шірімес,
Дау қалмас,
Жан сасымас.
Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді.
Қай қолынды кессең де,
Жанға батуы бірдей.
Айтулы достың малы бір,
Кемедегінің жаны бір.
Өтірікшінің жаны күйер,
Ұрлықшының малы күйер.
Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі,
Жалқау жан қиналмай малдан дәмелі.
Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.
Қай жерің ауырса,
Жаның сол жеріңде.
Мал байдікі,
Жан құдайдікі.