Жалғыз туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 58
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 98
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 18
Туындылар: 2
Әңгімелер: 14
Ертегілер: 1
Поэмалар: 1
Аңыздар: 1

Жалғыздың жағы жоғалса да табылмас,
Көптің оғы жоғалса да табылар.
Жалғыздың күні шықпайды,
Жалғыз қарғаның үні шықпайды.
Шындық – жалғыз,
Сұмдық – мың.
Жалғыз өзі – жарғақ құлағы.
Ер егіз, еңбек жалғыз.
Жалғыздың жары - құдай.
Байдың мыңын көрмей,
Жалғыздың жалғызын көреді.
Жалғыздың жоғы жоғалса табылмайды,
Көптің жоғы жоғалса табылады.
Жалғыз қаздың үні шықпас.
Қарғайын десем — жалғызым,
Қарғамайын десем — жалмауызым.
Жалғыз иттің
Үргені білінбейді,
Жалғыз жолаушының
Жүргені білінбейді.
Жалғыз кісі емес,
Жапалақ құс емес.
Жалғыз тері тон болмас,
Жалғыздың сөзі оң болмас.
Жалғыздың ісі бітпес,
Созса қолы жетпес.
Егіз аттан жығылса,
Басын сүйер ағасы,
Жалғыз аттан жығылса,
Неге келер шамасы.
Жаяулық та мәңгі емес,
Жарлылық та мәңгі емес,
Жалғыздық та мәңгі емес.
Жалғыз мая қайымас,
Жалғыз жігіт байымас.
Жалғыз батыр, жауға жоқ,
Жалғыз жігіт дауға жоқ.
Жалғыздың қалі — мүшкіл,
Дәмі — қышқыл.
Жалғыздың таңы атпас,
Жалғызға үйдің иті жатпас.
Жалғызға ұжмақ та жараспайды.
Жалғыз ағашты жағу қиын,
Жалғыз баланы бағу қиын.
Жалғыз жігіт басына іс түссе,
Ақылынан адасады,
Сасқанынан қырық құмалақ алып,
Бал ашады.
Жалғыз ағаш пана болмас,
Жалғыз биеден саба болмас.
Жаяудың жүрісі өнбейді,
Жалғыздың бір ісі өнбейді.