Ар туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 61
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 92
Нақыл сөздер: 42
Туындылар: 1
Әңгімелер: 19
Поэмалар: 1
Шығармалар: 1

Қарным үшін емес,
Арым үшін жылаймын.
Жігітке намыс – қымбат, ар – ауыр.
Қырсызбен ұрыссаң да,
Арсызбен ұрыспа.
Әдептілік ар-ұят -
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы, жат -
Надандықтың белгісі.
Ақылың болса арыңды сақта,
Ар-ұят керек әр уақытта.
Арсыз адам қорқақ келеді,
Барлауға да шорқақ келеді.
Малым - жанымның садақасы,
Жаным - арымның садақасы.
Аталы сөзге арсыз таласады.
Адалдық — ардың ісі.
Малсызға малға балап ұйқы береді,
Арсызға арға балап күлкі береді.
Арсызға алты күн мейрам.
Арсызда бет болмайды,
Азғында кек болмайды.
Арсыз болса — қыз қорлық,
Ақылсыз болса — ұл қорлық.
Абырой – ар еңбегі.
Арын сатқан ер оңбас,
Ажарын сатқан сері оңбас.
Арсыздық — ашыққаннан шығады,
Аңсыздық — асыққаннан шығады,
Пәмсіздік масыққаннан шығады.
Азын-аулақ малың болсын,
Орта ғана халың болсын,
Кіршіксіз арың болсын,
Жүк көтергіш нарың болсын,
Басың аман, денің сау болсын —
Бақыт деген..
Ұят жүрген жерде
Абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде
Ар шапаны сөгілмейді.
Ар қайда болса,
Ұят сонда.
Бар, барын жейді,Ұятсыз арын жейді.
Атың жаман болса,
Қарың кетер.
Балаң жаман болса.
Арың кетер.
Ар, намысы бар жігіттің
Жолдасы бар жолында.
Ар, намысы жоқ жігіттің
Ұяты бар қолында.
Мал сақтама, ар сақта.
Арсыз адам — тұссыз тағам.
Жігіттің құны — жүз жылқы,
Ары — мың жылқы.