Көз туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 112
Жұмбақтар: 48
Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 307
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 32
Туындылар: 2
Әңгімелер: 24
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 4

Көзің барда көргенің –
Көңіліңе тергенің.
Көзден кетсе, көңілден кетеді.
Көзі қарайған там сүзер.
Құлақ есіткенді көз көреді.
Аяқ — арғымақ.
Қол — азамат.
Көз — жанат.
Сөз — қанат.
Көз — нұрдың ұясы,
Көңіл — сырдың ұясы,
Сезім — жырдың ұясы.
Жылайын деген баланың
Үш күн бұрын көзі қышиды.
Біреудің өзі жақсы,
Біреудің көзі жақсы,
Біреудің сөзі жақсы.
Жаман көзден,
Жалған сөзден сақтан.
Көзбен көргенді
Құлақпен есіткен жеңген.
Көзі жоқ, құлағы саудың
Ақылы толады.
Құлағы жоқ, көзі саудың
Ақылы солады.
Ақыл көркі — тіл,
Тілдің көркі — сөз,
Адам көркі — жүз,
Жүздің көркі — көз.