Көз туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 112
Жұмбақтар: 48
Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 307
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 32
Туындылар: 2
Әңгімелер: 24
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 4

Өлерменнің көзі жаман.
Қараның баласына қазан менен сөз керек,
Төренің баласына әнші менен көз керек.
Патшаң соқыр болса бір көзіңді қысып өт.
Аталы баланың аузы ойнайды,
Атасыз баланың көзі ойнайды.
Көз көргенді қол сезбейді.
Жорғаның тері кеппес,
Еркенің көз жасы кеппес.
Көз көруге тоймайды,
Құлақ естуге тоймайды.
Көңіл қартаймас, көз қартаяр.
Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.
Көңілдегі сырды көз білдіреді.
Көргеннен көз ақы алады.
Ақылы жоқ басқа, адырайған көз бітеді.
Дуасы жоқ ауызға, судыраған сөз бітеді.
Көзіне қарама, сөзіне қара.
Көңіл - қазы, көз - таразы.
Көз - бұлақ,
Көңіл - сынап.
Кісінің көзіне көзің түссе, мейірімі түседі.
Мешкейдің өзі тойса да, көзі тоймайды.
Қастағы сояу көзді аңдиды.
Сол көзіңе, оң көзің қарауыл босын.
Көз жетпеген жерге сөз жетеді.
Кенеуі жоқ кеудеге - сылдыратып сөз береді,
Ақылсыз басқа - бадырайтып көз береді.
Көзі көрместің
Көңілі сезбес.
Жүректің сырын
Көздің нұрынан байқа!
Көз көрмей,
Көңіл сенбес.
Соқырдың тілегені екі көзі.