Көз туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 8
Мақал-мәтелдер: 112
Жұмбақтар: 48
Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 307
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 32
Туындылар: 2
Әңгімелер: 24
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Анекдот, әзілдер: 4

Көңіл қартаймайды, көз қартаяды.
Көзі жаманның сөзі жаман,Сөзі жаманның өзі жаман.
Көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады,Құлағы жоқ, көзі саудың ақылы солады.
Көз көргенше, ауыз бақыр сөйлеп қал.
Көз көзге түссе, мейірі жүзге түседі.
Көзім – хат, көңілім – шот.
Көз сыртында көз бар,Тіл астында тіл бар.
Көз жұмбай дария кешпек жоқ.
Көрмегенді көзіңменКөпіршітпе сөзіңмен.
Көзге үймелеген сонадай кимелейді.
Өзгенің сөзіне сенгенше,Өзіңнің көзіңе сен.
Аузыңды ашқанша, көзіңді аш.
Сырттан баққанның сегіз көзі бар.
Білмеген (надан) көзі болса да — соқыр,
Тірі жүрсе де — өлік.
Бойдақтың ақылы — екі көз.
Әкімнің көңілінде болғанша,
Көзінде бол.
Әкіміңнің көзі соқыр болса,
Бір көзіңді қысып жүр.
Аталы баланың өзі тойған,
Жетім баланың көзі ғана тойған.
Ата-анаға алара қараған көз азар көрсетеді.
Ақыл — шам-шырағың түндегі,
Білімділік — жарық көзі күндегі
Ақша ақылды адамның да көзін тұндырады,
Ашкөздік ұшқан құсты да торға түсіреді.
Ақша барда көп жүрсең,
Көзің бір күн қарығар.
Сонаршыға із керек, із танырға көз керек.
Айла білген кісілер
Көзіңді байлап алдайды.
Азым дұспан кей адам нәпсін тыймас,
Нәпсіменен дос болып, дүнияны көзі қимас.