Ой туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 68
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 8
Өлеңдер: 456
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 207
Туындылар: 1
Әңгімелер: 15
Ертегілер: 1
Поэмалар: 8
Шығармалар: 3
Аңыздар: 1

Кісінің көркі - жүз,
Жүздің көркі - көз,
Ойдың көркі - тіл,
Тілдің көркі - сөз.
Адам ойға тоймайды,
Бөрі қойға тоймайды.
Соқырдың ойы «Көзі бар көп асайды».
Әркімнің ойы – атағы,
Көсенің ойы – сақалы.
Бойына қарай - ойы.
Ойдың түбі - терең,
Ақылдың түбі - берен.
Оқу ойдан ұзақ емес.
Ой ақылдан жүйрік емес.
Бой жетпеген жерге - ой жетеді.
Қыран жетпеген жерге - қиял жетеді.
Қорқақтың сылтау қойнында,
Басын сақтау ойында.
Ақыл, ой, білім - әр адамның сәулеті.
Шыдамды еңбек, алғыр ой -
Анық досың біліп қой.
Көрмеген жердің ой-шұқыры көп.
Қол - қысқа,
Ой - ұзын,
Арман - биік.
Бойы биіктің ойы биік бола бермейді.
Терең ой биікті көргіш.
Құдай маған түйедей бой бергенше, түймедей ой бер.
Ойын түбі от,
Ой түбі алтын.
Ақыл — дария,
Ой — теңіз.
Ой түбі алтын,
Ойлай берсең аларсың.
Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.
Кірмей тұрып, шығарыңды ойла.
Ой - ойдан шығады, ойламаса - қайдан шығады.
Сөзі — олақ,
Ойы — шолақ.
Ойнап айтса да ойындағысын айтады.