Испан мақалы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 71

Адаспасаң мақсатқа жете алмайсың.
Теректен нан сұрама.
Құдай қолдамаса әулие де жәрдем бере алмас.
Алғашқы қадам – жарты жолды басып өту.
 Еркек пен әйел бір арқанға байланған.
Бергенде үндеме, алғанда рақмет айт.
Жүрек қалаған жерге аяқ алып барады.
Өлімнен қорыққан адамға бал да ащы.
Үндемеу келіскеннің белгісі.
Дұшпан көп болса ұйқы жоқ.
Шеруге шығу үшін ақша керек.
Аш бөрі бір жерде отыра алмайды.
Ақымақ балық үшін ілмек дұшпан, балықшы емес.
Үлкен балық үлкен суда жүзеді.
Үлкен махаббат көп нәрсені кешіреді.
Құдайдан сұра, өзің де бекер жатпа.
Бүгінгі шаршау – ертеңгі рахат.
Кемшіліксіз өмір тәтті болмайды.
Екі күндік бақытқа жүз күнде жетесің.
Өмір үш сөзден тұрады: туу, той, өлім.
Әркім жәрмеңкені өзінің тапқан затына қарап бағалайды.