Сақтық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 63
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 11
Нақыл сөздер: 12
Баталар: 1

Мың жаудан бір жансыз жаман.
Үйреніскен жау атыспаққа жақсы.
Жауды аяған-жаралы.
Бәледен машайық та қашыпты.
Айтқан жерде бәле жоқ,
Ақ жүргенге жала жоқ.
Қауіп қайдан болса
Қатер сонан.
Кезенген жаудың көзінен сақтан,
Сойқанды сұмның сөзінен сақтан.
Үй менікі демеңіз,
Үй артында кісі бар.
Жау жоқ деме
Жар астында,
Бөрі жоқ деме
Бөрік астында.
Айла — алтау,
Ақыл — жетеу.
Жыланның уы басында,
Бейқамның жауы қасында.
Оң көзіңе
Сол көзің қарауыл болсын.
Жарақтыда жау жолықпас.
Сақтықта қорлық жоқ.