Сақтық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 63
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 11
Нақыл сөздер: 12
Баталар: 1

Қастағы сояу көзді аңдиды.
Кек түбі — ойран.
Жыланның өзі өлсе де,
Құйрығы өлмейді.
Көп жорытқан жылан, аяғын көрсетер.
Көп жорытқан ит, күшәлаға жолығады.
Алыстағы жаудан, аяқ астындағы дұшпан жаман.
Алысқан жауға арқанды көрсетпе.
Күрілдеп келген жаудан,
Күлімдеп келген жау жаман.
Ұйқы өліммен тең.
Ақылсыз достан мың сақтан,
Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан.
Сезікті секемшіл.
Етікшіге жолама - бізі тиер көзіңе, сөзі тиер өзіңе.
Ақырын жүрсең — малаяқ,
Қатты жүрсең - қу аяқ.
Сол көзіңе, оң көзің қарауыл босын.
Саяқ жүрсең сақтан.
Кезенген жаудың кезінен сақтан,
Сойқандының сөзінен сақтан.
Сақтықта, қорлық жоқ,
Сәлемде, зорлық жоқ.
Сақ жүрсең, сау жүрерсің.
Арамзаның арқанымен құдыққа түспе.
Қалғымағанға қатер жоқ.
Жасы жетпей
Шал болғаннан без,
Тақымында тайы жоқ
Сал болғаннан без,
Қомдығы жоқ, өркеші жоқ
Нар болғаннан без.
Жамандықты жасырма,
Жаманды басыңнан асырма.
Жаман көзден,
Жалған сөзден сақтан.
Сақтықты сұңқардан үйрен!
Сыр ашу оңай,
Сыр түю қиын.